jitsu gif
Қаржы

    Елімізде көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

    машина
    Көрнекі фото: pxhere.com

    Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері елімізде көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өңірдің полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    "Стандарт мемлекеттік нөмірлердің сандарына, әріптеріне және қаттылық қырларына көлемді әріптер мен "3D" символдар түрінде элементтерді салуға және жапсыруға жол бермейді.

    Оларға қосымша жапсырмаларды қолдана отырып, нөмірлік белгілерді көрнекі қабылдау нәтижесінде колориметриялық сипаттамалардың (оның ішінде жарық шағылыстырудың) стандартына, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері материалының қалыңдығына, оның жабынының беріктігіне сәйкес келмейді және әріптер мен сандар өлшемдерінің арақатынасын сақтамайды.

    Осы құқықбұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 590-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген хабарламада.

    Елімізде көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.