jitsu gif
Қаржы

    1 сәуірден бастап кей тауарларға электронды жүкқұжат рәсімдеу міндеттеледі

    Қоймада тұрған тауарлар
    Қоймада тізілген тауарлар. Көрнекі сурет: pexels.com

    Мемлекеттік кірістер комитетті 1 сәуірден бастап ЕАЭО елдерінің аумағында тауарларға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу не үшін енгізіліп жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 сәуірінен Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда жасасу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу міндеттеледі.

    Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры Қадыр Ісмағұловтың сөзінше, бұл көлеңкелі тауар айналымын жойып, қосымша құн салығын жоғалтпауға мүмкіндік береді

    Сонымен қатар Ісмағұлов аталмыш шара 2020 жылдан осы күнге дейін ерікті негізде пилоттық жоба ретінде қолданылып келгенін атап өтті.

    "Тауарға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу шекараны кесіп өткен кезде электронды түрде (электронды цифлық қолтаңба арқылы) іске асатынын атап өту қажет. Соның арқасында құжатты жасанды тұлғалардың атына рәсімдеудің, жалған жүк қабылдаушылар мен жалған жөнелтушілердің, жалған бонкроттықтың жолы кесіледі", - деді Қадыр Ісмағұлов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.