jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қарапайым халыққа қатысы жоқ": министр саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін кімдер салық төлейтінін нақтылады

    саңырауқұлақ
    Саңырауқұлақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жеміс-жидек теретіндерге салық салудың жаңа нормасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Министрдің айтуынша, мұндай алым түрі бұрын да болған.

    "Осыған дейін бұрын осы талап тек ерекше қорғалатын аймақтарда, яғни ұлттық парк, қорықтардың аумағында таралған еді. Ал енді барлық жерде қолданылмақ. Екіншіден, жаңа норманың қарапайым халыққа қатысы жоқ. Бұл тұрғыда салық өнімді көп көлемде жинайтын, дәрілік препараттар жасайтын немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты", - дейді Ерұлан Жамаубаев мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

    Осы орайда тілшілер "көпбалалы отбасылар балаларына киім алу мақсатында жидек теріп, оны сатқан жағдайда, салық салына ма?" деп сұрады.

    "Бұл жағдайларда салық салынбайды. Оны қарапайым халық төлемейді", - деп нақтылады министр.

    Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдан бастап елімізде қорғалатын аумақтан тыс жерде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер тергендер үшін де салық салынатынын хабарлаған еді.

    Төлем сомасын жергілікті өкілдіктер есептейді.

    "Қарапайым халыққа қатысы жоқ": министр саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін кімдер салық төлейтінін нақтылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.