jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттауы мүмкін бе: депутат жауап берді

    Автобус іші
    Автобус іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қанәлімов қоғамдық көлікте жолақы бағасы көтеріле ме деген сауалға жуап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    БАҚ өкілдері "Астанада қоғамдық көлікте жолақысын көтеру қарастырылып жатыр ма?" деп сұраған болатын.

    "Жыл соңына дейін қоғамдық көлікте жүру жолақысын көтеру мәселесін қарастырмаймыз, келесі жылы қарастыруымыз мүмкін", – деді Ерлан Қанәлімов.

    Бұл ретте ол қалада жолақы мөлшері 9 жылдан бері 90 теңге болып сақталғанын ескеру қажеттігін атап өтті.

    "Осы жылдары қоғамдық көліктерде жолақы құны өзгерген жоқ, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бөлшектер, құрал-жабдықтар қымбаттағанымен, біз бұл мәселені әлі де қарастырмаймыз.

    Нарық жағдайы мен конъюнктурасын ескерсек, бұл мәселені келесі жылдың басында қарастыруымыз мүмкін. Бірақ әзірге жолақыны көтеру туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", – деп сендірді спикер.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттаған болатын.

    Елордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттауы мүмкін бе: депутат жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.