jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы төмендеуі мүмкін

    Жеке куәлік
    Жеке куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұйрық жобасында жазылғандай, Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына түзетулер енгізілсе, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында баға мынадай болмақ:

    • құжат 1 жұмыс күніне дейін дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);
    • куәлік 3 жұмыс күніне дейін дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

    Ал облыс орталықтары үшін:

    • құжат 2 жұмыс күніне дейін дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);
    • куәлік 3 жұмыс күніне дейін дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

    Бұйрық жобасына сай облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілген.

    "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі, – делінген бұйрықтың түсіндермесінде.

    Құжат 30 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

    Елімізде жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы төмендеуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.