jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қаржы министрі шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың үш жолын атады

    10 мың теңегелік купюралар
    10 мың теңегелік купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер мен қаржының мемлекетке қайтарылу жолдарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистердің айтуынша, депутаттар жемқор шенеуніктердің ақшасына әлеуметтік жағдайы нашар қоғам өкілдеріне баспана салуды ұсынған. Олар үкіметтен бұған қатысты пікір білдіруді сұрады.

    "Заңсыз алынған немесе шетелге шығарылған активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Заң қолданысқа енгізілген, комиссия бірнеше рет талқылады. Капиталды қайтарудың екі түрі бар: ерікті және мәжбүрлі. Осы орайда реестрге енуі мүмкін адам комиссияға өз еркімен келіп, "Мен өз уақытымда біршама заңсыз табыс тапқан едім, енді осынша ақшаны Қазақстанға инвестициялағым келеді" деп айта алады", – деді Ерұлан Жамаубаев.

    Министрдің сөзіне сенсек, бұл жағдайда активтерді қайтарудың үш жолы бар:

    • өңірлердегі немесе моноқалалардағы кейбір маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру;
    • арнайы шотқа ақша аудару;
    • мүлікпен, акциялармен я облигациялармен не бағалы қағаздармен қайтару.

    "Ол үшін біз оны (активтерді қайтару жұмыстарын – ред.ескертпесі) басқаратын арнайы компания құрдық, егер бұл мүлік мемлекетке, соның ішінде мектептерге, ауруханаларға жарамды болса, оны тиісті мемлекеттік органның балансына тапсырамыз. Ал бұл мүлік бизнес үшін тиімді болған жағдайда, біз оны ашық аукцион арқылы сата аламыз немесе бәсекелестік ортаға бере аламыз.

    Бұл опциялардың бәрі заңда қарастырылған. Ендігі мәселе адамның өзіне байланысты, ол тиісті шешім шығаруы керек", – деп түсіндірді қаржы министрі.

    Сондай-ақ Жамаубаев журналистердің бұл тұрғын үй құрылысына да байланысты ма деген сұрағына: "Оған да қатысты" деп қысқаша жауап берді.

    Қаржы министрі шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың үш жолын атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.