jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ҚМА өкілі Қылмыстық кодекстен екі бап алынуы мүмкін екенін айтты

    Құжаттар
    Құжаттар. Көрнекі фото: Polisia.kz

    Мәжіліс кулуарында ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қылмыстық кодекстен экономикалық қылмысқа қатысты кей баптар алынуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жеңіс Елемесов Қылмыстық кодекстің бизнес мүддесін қорғайтын бірқатар бапқа қатысты өзгеріс болатынын мәлім етті.

    "Депутаттар бастамашы болған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары аясында және "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қылмыстық кодекстің 2 бабы толық декриминализацияға жатады.

    Айтып отырғаным Қылмыстық кодекстің 219-бабының қалған бөлігін ӘҚБтК-ге ауыстырмай, ал Қылмыстық кодекстің 241-бабын ӘҚБтК-ге көшіру туралы", - деді спикер.

    Оның өзінше, бұл бизнестің дамуына көмектеседі.

    "Біз бұл жерде шағын және орта бизнесті қолдау туралы шешім шығардық. Өздеріңіз білетіндей, кәсіпкерлердің көпшілігі саудамен айналысады", - деді Елемесов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.