jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сән-салтанатқа салық, бірқатар мемлекеттік бажды алып тастау: жаңа Салық кодексінің қаулы жобасы жарияланды

    Жалпыға бірдей салық декларациясы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Ұлттық экономика министрлігі құжат жобасын жариялады, деп хабарлайды "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 21 маусымда Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасын жариялады. Қоғамдық талқылау 5 шілдеге дейін жалғасады.

    "Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды реттейді", - делінген кодекстің 1-бабында.

    Осы сілтеме арқылы құжат жобасымен танысып, талқылауға қатыса аласыз.

    Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінің биыл жарияланатынын айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.