jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда тасымалдаушы компаниялар қоғамдық көліктегі жолақысын көтеруді сұрады

    Жолда кетіп бара жатқан автобус
    Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Қоғамдық көліктердің жолақысын мемлекет субсидиялайды. Дегенмен тасымалдаушы компаниялар қазіргі бағалар үкіметтің көмегін есепке алған күннің өзінде шығынды өтей алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматылық қоғамдық көлік тасымалдаушылары жолақының тиімсіздігін айтып, қазіргі тарифтерге наразылық білдірді.

    Алматы қаласының жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының мәліметінше, қазіргі жолақы бағасы 100 теңге, қолма-қол төлем үшін 200 теңге, олардың пікірінше, бұл тіпті негізгі шығындарды да өтемейді.

    Жолақы құны қанша болуы керек?

    Eco Bus Service ЖШС автобус паркінің директоры Мадия Кирюхинаның айтуынша, былтырғы тарифтің 20 теңгеге көтерілуі салада шығын мәселесін жойған жоқ.

    "Біз тек экологиялық таза отынмен жүретін қоғамдық көліктерді сатып аламыз, былтыр 250 автобус сатып алсақ, биыл тағы осындай 150 автобус әкелдік.

    Біз өз жұмысымызда жолаушыларға қызмет көрсетуге жоғары талап қоямыз, бірақ автобустарды сатып алу және техникалық жағдайын дұрыс ұстау қомақты шығындарды талап етеді", - деді Мадия Кирюхина.

    City Bus автобус паркінің директоры Абылай Өстемір осыған ұқсас пікір айтып, электромобильдер мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына тоқталды.

    "Былтыр 12 метрлік газ автобусының құны шамамен 70 млн теңге болды. Биыл жасылдандыру жұмыстары аясында электроавтобустар сатып аламыз. Олардың құны бүгінде 170 миллион теңгеден асады.

    Сондай-ақ автобустардың қосалқы бөлшектерінің бағасы шамамен 10-15 пайызға қымбаттады. Әкімдік жыл сайын субсидия бөледі, бірақ бұл қаражат тек шығынды өтейді, өйткені жол жүрудің нақты құнын есептесек 400 теңгеге жетеді.

    Автобустарды одан әрі жаңарту үшін қоғамдық көліктердің жолақысын қайта қарау қажет", - дейді жеке автобус паркінің басшысы.

    Қалалық мобильділік басқармасы көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жоспарларды бекітуді жалғастырып жатқанын, соның ішінде BRT-ті кеңейту мен метро құрылысын салуға қала бюджетінен қосымша шығындардаы өтеуге қаражат қажет болатынын мәлімдеді.

    Сондықтан, қауымдастық өкілдерінің пікірінше, тарифтерді қайта қарау мәселесі шығындарының жеткіліксіз жабылуына да, бюджет шығындарының өсуіне де байланысты туындап отыр.

    Мәселен, әкімдік 2023 жылы қоғамдық көлік шығындарын 68,7 млрд теңгеге субсидиялағаны, ал биыл оны шамамен 97 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделгені хабарланды.

    Алматыда тасымалдаушы компаниялар қоғамдық көліктегі жолақысын көтеруді сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.