jitsu gif
Қаржы

    Алматылықтардың жылуға төлеген 95 млн теңгеден астам қаражаты қайтарылады

    Жылу батареясы
    Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қаласының тұрғындарына жылу үшін 95,405 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2023-2024 жылдар аралығындағы жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылумен жабдықтау қызметі құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады.

    Коимтет өкілдерінің сөзінше, табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi.

    "Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілді, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады.

    Осылайша 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 95,405 млн теңгеге қайта есептеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.