jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жолақысы өсті: жаңа тариф қашан күшіне енетіні белгілі болды

    Қоғамдық көлік
    Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде әкім мен оның орынбасары Алматыда қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифін енгізудің болжамды мерзімдерін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласы мәслихатының депутаттары өткен аптада қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифін 120 теңге деп бекітті.

    Осы орайда Алматы әкімі Ерболат Досаевқа жаңа тариф қашан күшіне енетіні туралы сұрақ қойылды.

    "Мәслихаттан кейін шешім жарияланды. Мәслихат қабылдаған шешімдер мен тарифті енгізу мерзімі бекітілді", - деп мәлімдеді Досаев.

    Оның орынбасары Сағындық Телібаев Алматыда 120 теңгелік тариф тамыз айының 3-5-і аралығында күшіне ене бастайтынын айтты.

    Еске салсақ, Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге өсетінін хабарлаған едік.

    Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.

    Алматыда жолақысы өсті: жаңа тариф қашан күшіне енетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.