Қаржы

Зектілері

Қазақстанда желтоқсаннан бастап кей көліктерді әкелу ережелері өзгереді

Жарияланған күні:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап КҚТМ негізінде әкелінген, шыққанына 3 жыл болмаған автомобильдерді КҚТМ-да көрсетілген заңды тұлғалар ғана әкеле алады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында хабарланған ақпаратқа сәйкес, желтоқсан айынан бастап заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгеруде.

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің 8-тармағына сәйкес, сәйкестігін бағалау типін мақұлдау нысанында жүргізілген көлік құралдарыy айналысқа шығару кезінде техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар көлік құралының типін мақұлдау (бұдан әрі – КҚТМ) болып табылады.

"Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, егер мұндай өнімнің декларанты КҚТМ-да көрсетілген тұлға болған жағдайда ғана КҚТМ-ны пайдалануға жол беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2189072-qazaqstanda-zheltoqsannan-bastap-kei-kolikterdi-akelu-erezheleri-ozgeredi/