Жол қозғалысының жаңа ережелері күшіне енді: Алматы полицейлері не өзгергенін түсіндірді
Жарияланған күні:

Бір күн бұрын жол қозғалысының жаңа ережелері күшіне енді. Жүргізушілерге қандай жағдайда жауапкершілік күшейетінін Алматы полициясы өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызхметіне сілтеме жасап хабарлйды.
Ведомство мәліметінше, жаңа ереже бірінші кезекте жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Бұдан былай:
- қосылмаған жарық шамдары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық турлы Кодекстің 602-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші рет тек ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айыппұл 5 АЕК құрайды.
- көлік құралдарының жылдамдығын 60 км/сағ немесе рұқсат етілген жылдамдықтан асырғаны үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ҚР ӘҚбК-нің 592-бабы, 3-1-бөлігі). Ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – 60 АЕК.
- көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ және рұқсат алмаған, көлік құралын басқару барысында алкогольге, есірткіге және уытқұмарлық масаң күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар мұндай куәлікті алуға емтихан тапсыруға жеті жылға дейін жіберілмейді. ("Жол қозғалы туралы" заңның 74-бабының 2-1-тармағы).
"Алматы полициясы тағы да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, тәртіпті арттыруды және жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуді еске салады. Әрқашан белгілі аксиоманы есте сақтаңыз: жол қателіктерді кешірмейді", - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Айта кетейік, 4 желтоқсаннан жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған жаңа заң күшіне енді. Енді орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынады.
Енді Қазақстанда автокөлік жылдамдығын сағатына 60 шақырым және одан да жоғары арттырып жібергендерге де айыппұл салынады. Ережені екінші мәрте бұзғандар 40 АЕК және 60 АЕК көлемінде пұл төлейтіні хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2196452-zhol-qozgalysynyng-zhanga-erezheleri-kushine-endi-almaty-politseileri-ne-ozgergenin-tusindirdi/