jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады

    Маркетплейс
    Иллюстратиялық фото: Tevarak/Getty Images

    Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгінгі үкімет отырсында сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерген.

    Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынған. Бұдан бөлек, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.

    Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болған.

    Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.