jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қандай жағдайда қайта қаралуы мүмкін

    Автокөлік
    Автокөлік. Фото: pexels.com

    Сенат кулуарында әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекова қандай жағдайда көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң нормасы қайта қаралатанынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін барлық өзгерісті Әділет министрлігі жұмысын қамтамасыз ететін тиісті ведомствоаралық комиссия қарайды, комиссия құрамында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері ғана емес, парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері де бар. Өйткені өзгерістер енгізуді диспозиция тұрғысынан да, санкциялар тұрғысынан да теңдей жасау өте маңызды.

    Бұл жағдайда осы тақырыпта депутаттық сауал жолданса, бұл мәселе көтеріліп, талқыланады. Оның нәтижелері қосымша қорытынды бойынша хабарланады деп ойлаймын", - деді Жақселекова.

    Министрлік өкілі аталған мәселені қарау үшін комиссия құрамына 10-ға жуық мемлекеттік орган өкілдері кіретінін айтты.

    Еске сала кетейік, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова бұл ереженің 20 жылдан бері бар екенін айтқан еді. Осылайша, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік құралы бес минуттан астам бір орында қозғалмай тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық деп танылады.

    Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қандай жағдайда қайта қаралуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.