Қаржы

Зектілері

Қазақстанда ҚҚС бойынша тіркеу шегін төмендетуге қарсы петиция жарияланды

Жарияланған күні:

ақша есептеп отырған адам
Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуге қарсы петиция жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NURKZ.

e-Petition.kz порталында жарияланған петицияда қосылған құн салығы (ҚҚС) шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді бұған дейін ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ұсынғаны айтылған.

Петиция авторларының айтуынша, аталмыш шара шағын және орта бизнестің құлдырауына әкеледі. Салық жүктемесі көбейгеннен кейін шағын бизнес өкілдерінің де саны да азаюы мүмкін.

Бүгінде ҚҚС бойынша тіркеу шегі – 20 мың АЕК, 2025 жылы бұл көрсеткіш 78,6 миллион теңгені құрап отыр, авторлардың пікірінше, бұл орта және шағын бизнес үшін жеткілікті деңгейде төмен әрі қолайсыз. Сондықтан көптеген кәсіпкер бұл шектен аспауға тырысады.

Авторлар қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегі төмендесе кәсіпкерлер тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің бағасын өсіруге, сондай-ақ, 20 пайзыға дейін көтергелі отырған қосылған құн салығының да сомасын қосуға мәжбүр болатынын айтады. Салдарынан баға кем дегенде 20 пайызға дейін өсуі мүмкін. Авторлар шын мәнінде баға бұдан да айтарлықтай өсетініне сенімді.

Бұдан бөлек, авторлар ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуге неге қарсы екеніне бірнеше мысал келтірген. Ол туралы толығырақ e-Petition.kz порталында жарияланған петициядан оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2217555-qazaqstanda-qqs-boiynsha-tirkeu-shegin-tomendetuge-qarsy-petitsiia-zhariialandy/