Қаржы

Зектілері

Алматы мен Алатау қаласы арасында аэромобильді такси қатынауы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
аэромобиль
ЖИ жасаған аэромобиль суреті. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет үйінде өткен брифингте Қазақстанға ұшқышсыз көліктерді енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, қазір тиісті ведомство әуежайдан Алатау қаласына аэромобильдер арқылы мобильді тасымалдау мәселесін талқылап жатыр.

"Бұл бес жолаушы сыятын, сутегімен жұмыс істейтін дыбыссыз тікұшақтар. Мұндай технологияны оңтүстіккореялық және америкалық компаниялар белсенді түрде жасап шығарып жатыр. Қазақстандық компаниялардың бірі де аэромобиль өнеркәсібін дамытуға қатысуға қызығушылық танытты.

Қазір біз бұл технологияны Қазақстанда пилотты түрде енгізу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Бірінші кезең – Алматыдан Алатау қаласына дейінгі бағыт. Біз бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Алғашқы ұшу 2026 жылға жоспарланған", - деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда ұшқышсыз көліктерді пайдалануға заңнамалық шектеу жоқ екенін айтты. Қазақстанда мұндай көліктердің пайда болатыны туралы бүгін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те айтты.

"Жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда кім жауапкершілік алатыны туралы заңнамалық түзету әзірлеп жатқан жоқпыз. Бүгін бізге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен басқа елдердің нормативтік құқықтық актілерді қалай енгізіп жатқанын зерттеу туралы ұсыныс түсті. Бұл мәселені қарастырамыз.

Қазақстан Республикасы аумағында ұшқышсыз көліктер дамып, қолданылып жатса, заңнамалық базаны дайындайтынымызға сенімді болыңыздар", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2217900-almaty-men-alatau-qalasy-arasynda-aeromobildi-taksi-qatynauy-mumkin/