RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Сарапшылар: Қазақстан Трамп тарифтерінің тікелей соққысына ұшырамады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар мен теңге
Доллар мен теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Трамп Қазақстаннан АҚШ-қа импортталатын тауарларға 27 пайыз көлемінде баж салығын енгізді. Дегенмен сарапшылар Қазақстан экспортының басым бөлігі Трамп тарифтерінің тікелей соққысына ұшырамағанын айтып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ әлемнің көптеген елімен "сауда соғысын" жариялап, оларға импорт бойынша жоғары тарифтер енгізді. Бұл Қазақстанға да әсер етті, елімізге 27 пайыз көлемінде баж салығы енгізіледі – бұл ТМД-дағы ең жоғары пайыздардың бірі.

Мұндай шектеулер негізгі қазақстандық экспортқа қысым түсіреді және елдің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді, дейді сарапшылар.

Сол арада Tengenomika Telegram-арнасы атап өткендей, АҚШ президенті Дональд Трамптың 2 сәуірдегі ресми жарлығында аталған баж салығы салынбайтын өнімдер тізімі жарияланды. Олар:

  • мұнай;
  • уран;
  • күміс;
  • ферроқорытпалар;
  • тантал;
  • басқа да маңызды ресурстар мен энергетикалық шикізаттар.

Бұл тізімге Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын заттардың 85 пайызы кірді, яғни бұл тауарларға 27% баж салығын төлеу қаупі жойылды. Осылайша, Қазақстанның негізгі экспорты тікелей соққыға ұшырамады.

Толық тізімде көмірсутектерден бастап, дәрі-дәрмектерге дейін жүздеген басқа зат бар.

Еске салсақ, Ақ үйде өткен баспасөз жиынында АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге, соның ішінде Қазақстанға да баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Бұл тізімде Ресей аталмаған.

Кейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде неліктен жоқ екенін түсіндірді.

Базалық 10 пайыздық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар ел үшін "айналы" тарифтер 9-нан бастап енгізіледі.

Көп ұзамай Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың бірқатар тауарға жаңа кедендік баж салығын енгізуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2232834-sarapshylar-qazaqstan-tramp-tarifterining-tikelei-soqqysyna-ushyramady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif