jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп Қазақстанға және әлемнің 180-нен астам еліне баж салығын енгізетінін мәлімдеді

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Видеодан кадр: YouTube/ The White House

Ақ үйде өткен баспасөз жиынында АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге, соның ішінде Қазақстанға да баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл тізімде Ресей аталмаған, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өз сөзінде Трамп әр түрлі елдерге арналған тарифтер жазылған кестені көрсетті. Онда тарифтер 50 пайызға дейін жетеді. Кестеде АҚШ-тың тарифтері басқа елдердің АҚШ-қа қатысты бекіткен баж салығынан екі есе төмен деңгейде белгіленген.

Бұрынғы КСРО елдері үшін әр түрлі тарифтер енгізілді:

  • Молдова – 31 пайыз,
  • Қазақстан – 27 пайыз;
  • Армения – 10 пайыз;
  • Әзербайжан – 10 пайыз;
  • Грузия – 10 пайыз;
  • Өзбекстан – 10 пайыз;
  • Түрікменстан – 10 пайыз;
  • Қырғызстан – 10 пайыз;
  • Тәжікстан – 10 пайыз;

Тізімде Ресей мен Беларусь аталмаған. АҚШ қаржы министрі бұл елдердің тізімге неліктен енбегенін кейінірек түсіндірді.

Тарифтер бұрынғы КСРО елдерінен бөлек мына елдерге қарастырылған:

  • Қытай – 34 пайыз;
  • Еуропалық Одақ – 20 пайыз;
  • Үндістан – 26 пайыз;
  • Вьетнам – 46 пайыз;
  • Тайвань – 32 пайыз;
  • Жапония – 24 пайыз;
  • Оңтүстік Корея – 25 пайыз;
  • Таиланд – 36 пайыз;
  • Швейцария – 31 пайыз;
  • Индонезия – 32 пайыз;
  • Малайзия – 24 пайыз;
  • Камбоджа – 49 пайыз;
  • Ұлыбритания – 10 пайыз;
  • Оңтүстік Африка – 30 пайыз;
  • Бразилия – 10 пайыз;
  • Бангладеш – 34 пайыз;
  • Сингапур – 10 пайыз;
  • Израиль – 17 пайыз;
  • Филиппин – 17 пайыз;
  • Чили - 10 пайыз;
  • Пәкістан – 29 пайыз;
  • Шри-Ланка – 44 пайыз;
  • Сербия – 37 пайыз;
  • Мадагаскар – 47 пайыз;
  • Мьянма – 44 пайыз;
  • Лаос – 48 пайыз.

Ең жоғары баж салығы - 50% - Лесото мен Францияның Сен-Пьер мен Микелон аумағына бекітіледі.

"Бұған қоса, Америка Құрама Штаттары экономиканы қалпына келтіруге және алаяқтықтың алдын алуға көмектесу үшін басқа елдерге 10 пайыз деңгейінде ең төменгі базалық тариф енгізеді", - деп қосты Трамп.

Баж салығы енгізілетін елдер тізімі
Баж салығы енгізілетін елдер тізімі. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Баж салығы енгізілетін елдер тізімі
Баж салығы енгізілетін елдер тізімі. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Баж салығы енгізілетін елдер тізімі
Баж салығы енгізілетін елдер тізімі. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Баж салығы енгізілетін елдер тізімі
Баж салығы енгізілетін елдер тізімі. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Трамп Қазақстанға және әлемнің 180-нен астам еліне баж салығын енгізетінін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.