jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Сән-салтанат салығы": жаңа Салық кодексі аясында қандай қымбат тауарлар үшін салық мөлшерлемесі артады

    Үстел үстінде жатқан ақша, көлік моделдері мен кілті
    Ақша мен көліктің кілті. Иллюстрациялық фото: Ri luck/Getty Images

    Қазақстанда кейбір қымбат тауарлар үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін мәжілісте Салық кодексінің жаңа редакциясын таныстырған премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Біз "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз.

    Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады.

    Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда.

    Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10 пайыз акциздер ұсынылады", - деді Серік Жұманғарин.

    Айта кетейік, жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз, қосылған құн салығы бойынша шек 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленді.

    "Сән-салтанат салығы": жаңа Салық кодексі аясында қандай қымбат тауарлар үшін салық мөлшерлемесі артады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram