jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Жаңа Салық кодексі президентке қол қоюға жіберіледі

    үстел үстінде жатқан ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс депутаттары Жаңа Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша заңға сенаторлар енгізген түзетулермен келісті. Енді құжат президентке қол қоюға жіберіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, дүйсенбі, 23 маусымда сенаторлар жаңа Салық кодексін және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарап, талқылады.

    Талқылау нәтижесінде сенат жекелеген баптардың жаңа редакциясын ескере отырып, құжатты мәжіліске қайтарды. Сенаторлар заңдарда қарастырылған нормаларды концептуалды тұрғыдан қолдап, Кодекске бірқатар түзету енгізуді ұсынды.

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сенаторлар енгізген түзетулермен келіскені белгілі болды.

    Сондай-ақ мәжіліс мына заңдарға сенат енгізген түзетулермен келісті:

    • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға;
    • "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.