jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр

    ақша ұстап тұрған адам
    Ақша ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Yevgeniy Sambulov / Getty Images

    Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов көші-қон саласындағы өзгерістер және жаңа айыппұл туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әленовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі заңнамалық базаны белсенді түрде жетілдіріп жатыр. Оның сөзінше, көші-қон бақылауын күшейту мақсатында түзетулер әзірленген.

    "Өткен аптада елде 30 күннен астам болуды жоспарлаған шетел азаматтарын тіркеу институты, сондай-ақ "көші-қон қаупі бар" елдерден келген адамдарға шақыру беруден бас тартуды Ішкі істер министрлігінің құзыретіне енгізетін заңға қол қойылды.

    Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске шетелдіктерді тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі пысықталып жатыр", - деді спикер.

    Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.