jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаржы министрлігі пәтерін жалға беріп, табысын жасырғандарды қалай бақылауға алады

    пәтер кілті
    Пәтер кілті. Иллюстрациялық фото: d3sign/Getty Images

    Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында пәтерін жалға беріп, салықтан жалтарып жүргендерді не күтіп тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бұл саламен заңды түрде айналысуды жолға қою бойынша үнемі жұмыс істейміз. Бұл жай ғана салық мәселесіне қатысты емес, бұл қылмыспен күрес мәселесі. Есеп жүргізілмесе, бұл пәтерлерде "түсініксіз" адамдар тіркеусіз тұруы да мүмкін", - деді Ержан Біржанов.

    Оның айтуынша, оларды "көлеңкеден" шығару үшін камералдық бақылау жүргізіледі.

    "Біз деректерді салыстырамыз. Мысалы жеке тұлғаның 10 пәтері болса және ол бір мекенжайда тұрса, қалған 9 пәтерін жалға беруі әбден мүмкін. Біз мүлік иелерінің бірлестігімен және учаскелік полиция қызметкерлерімен тығыз жұмыс істейміз – біз бұл мәселелерді қадағалаймыз. Сондай-ақ осы 10 пәтердің иесі айына бір рет банк қосымшалары арқылы төлем қабылдайтынын көреміз", - деді вице-министр.

    Қаржы министрлігі пәтерін жалға беріп, табысын жасырғандарды қалай бақылауға алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.