jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Биылдан бастап салық төлеуден жалтарған шетелдік маркетплейстер бұғатталады

    тауарды электронды сатып алу
    Тауарға онлайн тапсырыс беру. Көрнекі фото: pexels.com

    2026 жылдан бастап Қазақстанға салық төлеуден жалтарған шетелдік маркетплейстердің интернет-ресурстары бұғатталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдан бері цифрлық қызметтерге салық салына бастады.

    "Google салығы" деп аталатын салық енгізілген кезеңнен бастап 120 шетелдік компания тіркелген. Оның ішінде 2025 жылы 22 компания тіркеуден өткен. Бюджетке түскен түсімдер көлемі – 136 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылы 57,6 млрд теңге, 2026 жылғы қаңтар айында 8,7 млрд теңге салық түскен.

    Қазақстанның Салық кодексіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдары тіркеуден өткен шетелдік компаниялар туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

    Аталған мәлімет шетелдік маркетплейстердің Қазақстан аумағында тауарларын электрондық сауда арқылы өткізу және электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде салық міндеттемелерін толық және уақытылы орындалуын талдау мақсатында пайдаланылады.

    Мемлекеттік кірістер органдары банктердің, төлем ұйымдарының мәліметтерін және шетелдік компаниялар төлеген ҚҚС сомалары туралы деректерді өзара салыстыру нәтижелері бойынша камералдық бақылау жүргізеді.

    Салықты төлемеу немесе жартылай төлемеу фактілері анықталған жағдайда шетелдік маркетплейстерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтық туралы хабарламалар жіберіледі.

    Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, Салық кодексінің 89-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаларды, сондай-ақ ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы хабарламаларды орындамаған шетелдік маркетплейстердің интернет-ресурстары бұғатталады.

    Биылдан бастап салық төлеуден жалтарған шетелдік маркетплейстер бұғатталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.