jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елімізде кәсіпкерлердің айыппұлдары кешіріледі: ол үшін не істеу керек

    Ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанда кәсіпкерлердің 100 миллиард теңге шамасындағы айыппұлы мен өсімпұлы кешіріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

    Бүгінгі күні микро және шағын бизнестің ел алдындағы борышы 273 миллиард теңгеге жеткен. Оның 170 миллиард теңгеден астамы – салық қарызы. Егер осы негізгі берешек наурыздың соңына дейін өтелсе, онда мемлекет айыппұл мен өсімпұлды кешіреді.

    Мұндай рақымшылық — микро және шағын кәсіпкерліктің жаңа Салық кодексіне бейімделуі үшін қолға алынған шаралардың бірі. Қазір ел бойынша кәсіпорындардың берешегі 1 триллион теңгеден асқан.

    "Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес, микро және шағын бизнеске қатысты өсімпұл мен айыппұлды кешіру туралы Қаржы министрлігінің бұйрығы шықты. Негізгі талаптардың бірі – егер кәсіпкерлер салық қарызын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда олардың есептелген өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Қайсар Арын.

    Елімізде кәсіпкерлердің айыппұлдары кешіріледі: ол үшін не істеу керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.