jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өскемен әуежайына 8,9 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды

    әуежай
    Әуежай. Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

    Өскемен әуежайына қатысты жүргізілген тергеу нәтижесінде кәсіпорынға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қалалық әуежайға қатысты тексеру жұмыстарын аяқтады. Тергеу барысында әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұрғаны анықталған.

    Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды. Соттың бірінші сатыдағы қаулысымен "Өскемен әуежайы" АҚ-ның әкімшілігі жауапкершілікке тартылды, кейін оны Шығыс Қазақстан облыстық соты күшінде қалдырды.

    Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, сондай-ақ 10,6 млн теңгеге жуық монополиялық табыс мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Қазіргі уақытта аталған қаржы толық көлемде бюджетке төленген. 

    Өскемен әуежайына 8,9 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.