jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Салық кодексіндегі "тенге" сөзі түзетіледі

    Теңге
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Қазақстанның Салық кодексіне бірқатар түзету енгізілді, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Заңға сәйкес Салық кодексіне бірқатар терминологиялық түзету енгізіледі.

    Кодекс мәтініндегі:

    • "шетелдік" сөзі "шетел азаматы";
    • "заңнамалық актілер" сөзі "заңдар";
    • "тенге" сөзі "теңге" деп өзгертіледі.

    Одан бөлек "Парламент" сөзі "Құрылтай" болып ауыстырылады. Сондай-ақ бірқатар бапқа "ҚР Құрылтайы" және "Қазақстан Халық Кеңесі" деген тіркестер қосылады. Ал "республикалық референдум" "жалпыхалықтық референдум" деп атала бастайды.

    Сондай-ақ "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар" деп тізімдеу тәртібі "астаналар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деп өзгереді.

    Айта кету керек, заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

    Салық кодексіндегі "тенге" сөзі түзетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram