jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жер үйдің қоршауынан тыс аумақта қоқыс жатса немесе оны арамшөп басса айыппұл салына ма

    қоқыс
    Қоқыс. Көрнекі фото: Marijan Murat/picture alliance via Getty Images

    Елімізде жеке үй иелері тек өз учаскесін ғана емес, қоршаудың сыртындағы аумақты да күтіп ұстауы керек. Қоршаудан тыс аумақты арамшөп басып, қоқыс жатса үй иесіне 129 750 теңге айыппұл салынуы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқып біле аласыз.

    Елімізде жеке үй иелері жер учаскесінің тазалығы үшін өзі жауапты.

    Соңғы кездерді желіде 1 шілдеден бастап жеке үй иелері ортақ аумақты күтіп ұстауға міндетті болатыны және қоқыс тастағаны немесе өскен арамшөп үшін айыппұл арқалауы мүмкін екені туралы ақпарат тарады.

    "Крыша" порталының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап абаттандырудың жаңа ережелері күшіне енеді.

    Ережеде жеке үй иелеріне тек өз учаскесін емес, айналасындағы аумақты да күтіп ұстау міндеті ресми түрде белгіленген, яғни, үйге, қоршауға немесе жер учаскесіне тікелей жанасатын периметр бойынша ені 5 метрлік жолақ есепке алынады.

    Ережеге сәйкес, жеке үй иелері:

    • учаскені және оның айналасын таза етіп ұстауға;
    • қоқысты жинауға;
    • арамшөпті және карантиндік өсімдіктерді шабуға;
    • жасыл кеңістіктерге күтім жасауға;
    • үйдің қасбетін, қоршауын күтіп ұстауға міндетті.

    Сондай-ақ үй айналасындағы аумаққа қоқыс қалдыруға тыйым салынады.

    Құрылыс материалдарын, құрылыс техникаларын, ескі тіркемелерді, бөлшектелген немесе істен шыққан көліктерді және басқа да заттар мен қалдықтарды сақтауға тыйым салынады.

    Маңызды: бұл жаңа талап емес. Үй маңындағы аумақты күтіп ұстау талабы бұрыннан абаттандыру ережелеріне енгізілген.

    Жалпы пайдаланылатын аумақты таза ұстамаса не болады

    Егер үйдің жанында қоқыс, арамшөп, құрылыс материалдары қоймасы немесе басқа да қоқыс болса, үй иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    Бұл бапқа сәйкес, бірінші рет бұзушылық үшін әдетте ескерту беріледі, бірақ қайталанған бұзушылық үшін 2026 жылы 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 129 750 теңге айыппұл салынады.

    Жер үйдің қоршауынан тыс аумақта қоқыс жатса немесе оны арамшөп басса айыппұл салына ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.