jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Амнистия туралы заң: ел азаматтарының жалпы сомасы 22 млрд теңге болатын айыппұлы кешірілді

    ІІМ ғимараты
    ІІМ ғимараты. Фото: Polisia.kz

    IІМ амнистия туралы заңның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Қазақстанда 590 мың азаматтқа қатысты амнистия қолданылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    1 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы заңға қол қойды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында заңда көрсетілген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.

    Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды. Нәтижесінде оларға қатысты 1,3 млн-нан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

    "Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзгелердің құқықтарын құрметтеуге шақырады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы. Ал "Заң және тәртіп" қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі", - деді ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.

    Амнистия туралы заң: ел азаматтарының жалпы сомасы 22 млрд теңге болатын айыппұлы кешірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.