jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі барлардың өсімпұлы кешіріледі: шарттары қандай

    Су
    Краннан аққан су. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріледі. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда жылу энергиясын тұтынушыларға арналған "Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!" акциясы басталды. Акция аясында тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін негізгі қарызын толық өтеген жағдайда есептелген өсімпұлдан босатылады. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері хабарлады.

    Сонымен қатар бұл мүмкіндік борышкерлердің мүлкіне және банк шоттарына қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға да жол ашады.

    Шарттары қандай

    Акцияға қатысу үшін биыл тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін негізгі қарызды толық өтеу қажет.

    Одан кейін "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы алынған жеке куәліктің цифрлық нұсқасы және негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжатты (кассалық чек) info@alts.kz электрондық поштасына жолдау қажет немесе тұрғылықты жері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.

    Кеңес алу үшін қайда хабарласса болады

    Берешек мөлшері немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемдер бойынша кеңес алу үшін "Алматы жылу жүйесі" анықтама қызметінің 341-07-77 нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ +7 (775) 990-50-63 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді (тек хабарлама қабылдайды).

    Берешек белгіленген мерзімде өтелмеген жағдайда тұтынушылар жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сот тәртібімен өндіріледі.

    Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі барлардың өсімпұлы кешіріледі: шарттары қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.