jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ағынды суда мұнай өнімдері мөлшерден жоғары: Қарағандыдағы МАЭС-ке 8 млн теңге айыппұл салынды

    Қарағанды МАЭС
    МАЭС. Фото: Экология департаменті

    Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті "Топар басты тарату электр станциясы" серіктестігіне 8 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салды. Компания экологиялық талаптарды бұзған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті "Топар басты тарату электр станциясы" ЖШС-не жоспарлы тексеру жүргізіп, бірқатар экология талаптары бұзылғанын анықтады.

    "Ағынды судағы мұнай өнімдерінің мөлшері белгіленген нормативтен 3 еседен аса жоғары болған: норматив – 0,054 мг/дм³, нақты көрсеткіш – 0,169 мг/дм³", - делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, қалдықтарды жинақтау және сақтау талаптары сақталмаған. Пайдаланылған майларға арналған герметикалық емес ыдыстар, май төгінділері, әртүрлі қалдықтарды бірге жинақтау және арнайы белгіленбеген орындарда сақтау фактілері анықталды.

    Тексеру қорытындысы бойынша аталған талаптады бұзу дерегін жою туралы нұсқамалар берілді.

    Жалпы салынған айыппұл сомасы – 8 021 492 теңге.

    Ағынды суда мұнай өнімдері мөлшерден жоғары: Қарағандыдағы МАЭС-ке 8 млн теңге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.