jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Кей қазақстандықтар қосымша салық есептілігін тапсыруға тиіс: ол кімге қатысты

    Ноутбуктың алдында ақша есептеп отырған әйел
    Ақша есептеп отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір қазақстандықтарға кірісті көрсетудегі алшақтықтар анықталғаны туралы хабарлама жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірісті көрсетуі бойынша камералдық бақылауда алшақтықтар анықталған.

    "Алшақтық салықтық нысандардың, электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ), екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінің (POS-терминалдар және мобильді төлемдер), сондай-ақ ақпараттың өзге де көздерінің деректерін зерделеу және талдау негізінде анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді", - делінген хабарламада.

    Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге алшақтықты өз бетінше реттеу мүмкіндігін беру.

    Хабарламаны алған кезде не істеу керек

    • оны орындауға 30 жұмыс күні – шамамен 45 күнтізбелік күн беріледі.
    • егер алшақтықпен келіссеңіз – қосымша салықтық есептілікті ұсыныңыз және өзіңіз есептеген салық сомаларын дербес төлеңіз.
    • егер бұзушылық жоқ деп есептесеңіз – негіздемесі бар түсіндірмені ұсыныңыз. Бұл хабарламаны орындаудың тең дәрежелі тәсілі болып табылады.
    • салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы хабарламаның бар-жоғын тексеруге және оны орындауға болады.

    Комитет салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырды.

    Кей қазақстандықтар қосымша салық есептілігін тапсыруға тиіс: ол кімге қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram