jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2026 жылы пәтер сатқанда қандай жағдайда салық төлеу қажет емес

    пәтер рәсімдеу
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Пәтер сатқан қазақстандықтар түскен табыстан салық төлеуі мүмкін. Ол үшін екі шарт орындалуы қажет: тұрғын үйді тым ерте сатқан жағдайда және оны сатып алған бағадан қымбатқа өткізген кезде. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

    Қазақстандықтар тұрғын үй немесе пәтер сатқан кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлейді. Салық төлеу міндеті екі фактор сәйкес келгенде туындайды:

    • пәтерді сатып алған бағадан қымбатқа сату;
    • пәтерге белгіленген иелік ету мерзімінің әлі өтпеуі.

    "Крыша" порталы жазғандай, Қазақстанда ЖТС төлемеу үшін сақталуға тиіс ереже бар. Ол – жылжымайтын мүлікке иелік етудің ең төменгі мерзімі. 2026 жылға дейін бұл мерзім 1 жылға тең болса, 2026 жылы ол 2 жылға дейін ұзартылды.

    Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй сатып алған қазақстандықтар үшін иелік етудің ең төменгі мерзімі бұрынғыдай – 1 жыл болып қалды.

    Яғни егер қазақстандық пәтерді 2025 жылы сатып алса, онда бір жыл иелік еткеннен кейін ол пәтерді ЖТС төлемей-ақ сата алады. Тіпті пәтер қымбаттап, сатып алған бағасынан айтарлықтай жоғары бағаға сатылса да.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлік иесі атанған азаматтарға салық төлемеу үшін екі жыл күтуге тура келеді. Егер олар пәтерді осы мерзімнен ерте және сатып алған бағадан қымбатқа сатса, ЖТС есептеледі.

    Қанша салық төлеу керек

    Егер иелік ету мерзімі мен сату бағасы бойынша шарттарға сәйкес келсе, құн өсімінен, яғни сатып алған бағасы мен сату бағасы арасындағы айырмашылықтан салық есептеледі.

    Яғни, адам алған бүкіл сома емес, тек бастапқы сатып алу құнынан асатын бөлігіне ғана салық салынады. Салық мөлшерлемелері мынадай:

    10 пайыз – егер табыс 8 500 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспаса, яғни 2026 жылы 36 762 500 теңге; 15 пайыз – 8 500 АЕК-тен асатын сомадан.

    Мысалы адам 2026 жылғы қаңтарда пәтер сатып алып, оны екі жыл өтпей сатуды шешті делік. Сатудан түскен пайда 50 млн теңгені құрады.

    Бұл жағдайда пайданың алғашқы 8 500 АЕК-і 10 пайызы мөлшерлеме бойынша ЖТС салынады – салық шамамен 3,4 млн теңгені құрайды. Қалған 13,2 млн теңгеден 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық төлеуге тура келеді – бұл тағы шамамен 2,4 млн теңге.

    Осылайша ЖТС-тің жалпы сомасы шамамен 5,8 млн теңгені құрайды.

    Салықты қашан төлеу керек

    Салық пәтер сатылған жылдың өзінде емес, келесі жылы есептелетінін түсіну маңызды. Яғни, егер қазақстандық пәтерді 2025 жылы сатса, онда салықты 2026 жылы төлеуі керек. Тиісінше, егер 2026 жылы сатылған болса, онда 2027 жылы төлеуге тура келеді.

    Ол үшін 270-нысан бойынша табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру қажет болады. 2026 жылы пәтер сатып, мүлікті декларациялауға басқа негіздері жоқ қазақстандықтар биыл ештеңе тапсырмайды және төлемейді, бірақ 2027 жылы салық есептілігін тапсыруға тиіс.

    Декларация жыл сайын 15 қыркүйекке дейін тапсырылады, ал салық 25 қыркүйекке дейін төленеді.

    Маңызды: егер пәтер үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) бойынша сатып алынған болса, онда 3 жылдық ереже қолданылады.

    Мысал: пәтер үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) бойынша 30 млн теңгеге сатып алынды, ал екі жылдан кейін талап ету құқығы 35 млн теңгеге сатылды. Табыс 5 млн теңге болды. Салық дәл осы сомадан есептеледі.

    Егер сатып алған сәттен бастап үш жыл немесе одан да көп уақыт өтсе, сатып алу және сату бағасы арасындағы айырмашылықтан салық төленбейді.

    2026 жылы пәтер сатқанда қандай жағдайда салық төлеу қажет емес

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram