jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жол ережесін қасақана бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері бірнеше есеге артуы мүмкін

    Полиция қызметкері мен жүргізуші
    Полиция қызметкері мен жүргізуші. Иллюстрациялық фото: KatarzynaBialasiewicz/Getty Images

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жол ережелерін қасақана бұзушыларға қатысты тәсілдерді қайта қарауды тапсырды – мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктер берілмеуі тиіс, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Олжас Бектенов Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, жол ережелерін жүйелі түрде бұзу мәселесі сақталып отырғанын айтты.

    "Жалпы ахуалдың жақсарғанына қарамастан, елімізде жол апаттарының деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Көлік жүргізушілері тиісті ережелер мен талаптарға және жол қозғалысы мәдениетіне немқұрайлы қарайды.

    Қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүретін, қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шығып кететін, сондай-ақ жылдамдықты шамадан тыс асыратын жауапсыз жүргізушілер де бар. Мұндай фактілерге міндетті түрде тосқауыл қойып, тиісті шаралар қабылдау қажет", - деді үкімет басшысы.

    Премьер-министр жол ережелерін жүйелі түрде бұзатын көлік жүргізушілерінің жауапкершілігіне қатысты қолданыстағы тәсілдерді қайта қарауды және балдық жүйе енгізу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

    "Жалпы, жол ережелерін қасақана бұзушыларға қатысты тәсілдерді қайта қарау керек. Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктер берілмеуі тиіс. Керісінше, бұзушылықтар санына қарай айыппұл мөлшерін еселеп арттыру қажет.

    Ішкі істер министрлігі көптеген елде тиімді қолданылып жүрген балдық жүйені енгізу тәжірибесін зерделеп, оны елімізде іске қосуға тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік апаттарын тұрақты түрде төмендету және адам өлімін азайту", - деді Олжас Бектенов.

    Қазақстанда жол ережесін қасақана бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері бірнеше есеге артуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram