Депутаттар жеңілдетілген салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме белгілеу туралы ұсыныс білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Құрылтай отырысында депутат Дәурен Ахметжаев Қазақстан аумағында арнайы салық режимі бойынша 2-3 пайыз аралығында бірыңғай салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ахметжаевтың айтуынша, депутаттар бұған дейін бөлшек салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету жөнінде үкіметке, әкімдерге және мәслихаттарға бірнеше рет ұсыныс жолдады. Нәтижесінде көптеген өңірде мөлшерлеме 2-3 пайызға дейін төмендетілді
"Жаңа Салық кодексін талқылау кезінде де біз арнаулы салық режимі бойынша бүкіл елге бірыңғай мөлшерлеме белгілеуді ұсындық. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады", - деді Дәурен Ахметжаев.
Ол осы режим бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығының базалық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайтынын атап өтті. Алайда мәслихаттар қызмет түрі мен объектінің орналасқан жеріне қарай осы мөлшерлемені 50 пайызға дейін төмендетуге немесе көтеруге құқылы екенін айтады. Депутаттың сөзінше, сол себепті бір өңірде салық мөлшерлемесі 2 пайыз болса, басқа өңірде 6 пайыз болуы мүмкін.
Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныс жасады:
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін бүкіл Қазақстанда 2-3 пайыз аралығында бірыңғай салық мөлшерлемесін белгілеу және мәслихаттардың оны көтеру немесе төмендету құқығын алып тастауы;
- өңірлердегі салық мөлшерлемелерінің айырмашылығы шағын және орта бизнестің орналасуына және жұмысына қалай әсер ететінін талдап, нақты деректер ұсыну, талдау барысында кәсіпкерлік объектілерінің орнын ауыстыру және бизнесті басқа өңірге көшіру жағдайларын қамтуды, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардан облыс орталықтарына көшу жағдайларын зерттеу;
- шағын және орта бизнес үшін барлық өңірде бірдей негізгі салық шарттарын қамтамасыз ету мақсатында Салық кодексіне қажетті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз