Теміржол маңында мал жайғандарға салынатын айыппұлды екі есе арттыру көзделіп отыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҚТЖ теміржол маңында мал жайғандарға жазаны қатаңдату бастамасын көтерді – компания мал ұстайтын ел тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТЖ әкімдіктер және көлік полициясымен бірлесіп мал иелеріне белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері 1,3 мыңға жуық кездесулер өткізіліп, оған 34 мыңға жуық адам қатысқан.
52 мыңнан астам мал иелері мал жаю және темір жол арқылы жануарларды айдап өту ережелерімен танысқан. 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Компания өкілдерінің айтуынша, алдын алу шаралары нәтиже беруде: 2026 жылдың 9 айында пойыздардың мал басу саны 584 жағдайға дейін төмендеді (2025 жылдың ұқсас кезеңінде – 648). Алайда жағдай күрделі болып қалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап осы құқық бұзушылық үшін ескерту жойылды – бірден 5 АЕК айыппұл қолданылады (қайталанса – 10 АЕК). Қазір ҚТЖ айыппұлдарды екі есеге: бірінші бұзғаны үшін 10 АЕК-ке және жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
ҚТЖ мал иелерінен мал жаю ережелерін қатаң сақтауды және малды темір жолдардың жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2439854-temirzhol-mangynda-mal-zhaigandarga-salynatyn-aiyppuldy-eki-ese-arttyru-kozdelip-otyr/