jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұманғарин салық реформасы қандай нәтиже беріп жатқанын айтты

    Серік Жұманғарин
    Серік Жұманғарин. Фото: t.me/KZgovernment

    Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында салық реформасы қандай нәтиже беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Серік Жұманғарин салық реформасы бюджеттің кіріс базасын нығайтудың негізгі факторына айналғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі сын-қатер жағдайында да түсімдердің айтарлықтай өсімі қамтамасыз етілген.

    "Алынған нәтижелер қабылданған шаралардың жоғары фискалдық тиімділігін және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы артқанын көрсетеді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 19,3 трлн теңге түскен салық түсті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2 пайызға артық.

    Өсімнің негізгі драйвері – ҚҚС, одан түскен түсімдер 37,3 пайыз өсті, оның ішінде отандық өндіріс тауарлары бойынша – 54,1 пайыз, импорт бойынша – 23,9 пайыз", - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

    Жұманғарин салық реформасы қандай нәтиже беріп жатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram