Қаржы

Зектілері

Автокөлік және смартфон: "Евразия" СК өзінің 30 жылдығына орай тағы қандай сыйлықтар ойнатады

Жарияланған күні:

"Евразия" СК ұтыс ойыны
Көрнекі фото: "Евразия" СК

"Евразия" сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдығына орай сыйлықтар ойнатып жатыр, ең басты сыйлық – екі Toyota Corolla автокөлігі. Ұтысқа қатысу үшін жарамдылық мерзімі бір жылдан кем емес кез келген каско полисін ресімдеу жеткілікті.

Ұтысқа 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2026 жылғы 30 сәуірге дейін, екі күнді қоса алғанда, жеке тұлғалар сатып алған барлық каско полистері қатысады.

"Биыл отандық сақтандыру нарығының көшбасшысы болып табылатын "Евразия" өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай біз каско бағдарламасы бойынша, соның ішінде автонесие рәсімдеу кезінде автокөлікті сақтандырған клиенттеріміздің арасында ұтыс ойынын ойнатуды шештік", - дейді "Евразия" СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Жүлде қоры:

  • Автомобиль Toyota Corolla 2025 жылғы – 2 дана;
  • iPhone 16 Pro – 12 дана;
  • Samsung S25 – 12 дана;
  • 300 мың теңгеге каско сертификаты – 12 дана;
  • 30 литр бензинге сертификат – 120 дана.

Ұтыс ойындары әр үш айда бір рет өткізіледі. Автокөлік ұтыс ойындары 2025 жылғы қарашада және 2026 жылғы мамырда өтеді.

  • I кезең – 2025 жылғы тамыз: смартфондар мен сертификаттар;
  • II кезең – 2025 жылғы қараша: смартфондар, сертификаттар, автомобиль;
  • III кезең – 2026 жылғы ақпан: смартфондар мен сертификаттар;
  • IV кезең –2026 жылғы мамыр: смартфондар, сертификаттар, автомобиль.

"Жыл сайын 100 мыңға жуық клиент "Евразияда" каско полистерін сатып алады, олардың әрқайсысында автокөлік немесе басқа да бағалы жүлдені ұтып алу мүмкіндігі бар. Бүгін біз автокөлік жүргізушілерінің абсолютті көпшілігіне қолжетімді каско бағдарламаларын әзірледік. Өз мүлкіңізді қазірден қорғаңыз, мүмкін сәттілік серігіңіз болар", - дейді "Евразия" СК басшысы.

Қосымша шарттар:

Ұтыс ойынына қатысу үшін қолданыстағы каско шарты болуы қажет, мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қатысушы ұтыс ойынынан шығарылады. Қатысушы ЖКО кезінде кінәлі болмауға тиіс.

Каско полисін онлайн eurasia36.kz сайтында рәсімдеуге болады.

Ұтыс ойынына қатысу шарттарымен толығырақ theeurasia.kz сайтында немесе 5678 (қоңырау шалу тегін) қысқа нөмірі бойынша танысуға болады.

*Лицензия 26.12.2022 ҚР ҚНРДА берілген № 2.1.20

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/insurance/2241252-avtokolik-zhane-smartfon-evraziia-sk-ozining-30-zhyldygyna-orai-tagy-qandai-syilyqtar-oinatady/