jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда көпбалалы ананың әрбір сәбиіне 101 мың теңгеден төлеу ұсынылды

    : Facebook

    Жаңа құрылған Республикалық балалар құқығын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Закиева көпбалалы анаға төленетін 16160 теңге өте аз екенін жеткізді. Оның сөзінше, аналар бір бала үшін 20 ЕАК дейін алуға тиіс деп жазады NUR.KZ.

    Көпбалалы аналарға әрбір балаға 101 мың теңгеден төлеу ұсынылды
    Көрнекі фото: YK-news.kz: Facebook

    Закиева жаңа кеңес бюджет ақшасының бөлінуіне және таратылуына ұсынымдар беретінін мәлімдеді.

    Көпбалалы аналардың жәрдемақысының көлемін де қарастырады екен.

    "Нақты соманы әлі анықтаған жоқпыз. Бұл сома көпбалалы аналар тек балаларымен айналысуға мүмкіндік беретіндей жеткілікті болу керек деп ойлаймыз.
    Балалар үйінде жұмыс істеген тәжірибемді мысалға келтірейін. Патронатты ата-ана балаларға қамқор болғаны үшін белгілі бір ақша сомасы төленеді. Оның да көлемі көп емес. 10 мен 20 АЕК шамасында. Патронатты отбасыларда еңбек өтілі де есепке алынады.
    Осылайша, отбасы балаларын асырауға шамасы жетпесе, осындай ақша сомасын туған ата-анасына да беру керек. 5-6 балаға 20 АЕК - бұл орташа жалақы мөлшеріне сай. Бұл ананың жұмысқа шықпауына мүмкіндік береді. 20 АЕК- бұл бір балаға", - деді Закиева.

    Айта кететін жайт, 20 АЕК 50 500 теңгеге тең.

    Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар 4,16 АЕК алады. Бұл айына 10 405 теңгені құрайды.

    "Алтын алқа", "Күміс алқа" дәрежесін алған, алтыдан көп баласы бар аналар 6,4 АЕК - 16 160 теңге алады.

    Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда Елбасының тапсырмасыме Республикалық балалар құқығын қорғау комитеті құрылды.

    Қазақстанда көпбалалы ананың әрбір сәбиіне 101 мың теңгеден төлеу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.