jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    21 мың теңге көмекті кімдер алады?

    : Instagram

    Қаржы министрлігі 21 мың теңгені кімдердің алатынын айтты. Бүгін Елбасы Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының съезінде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын 21 мың теңгеге дейін көтеру жайлы тапсырма берген болатын деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Фото:alau.kz
    Фото:alau.kz: Instagram
    "Елбасы айтқандай, тұрмысы нашар отбасылардағы әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і немесе шамамен 20 800 теңге төленеді. Көпбалалы отбасы болып төрт немесе одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар есептеледі", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

    Министрдің мәліметінше, тұрмысы төмен отбасыға ондағы жиынтық табысты әр мүшеге бөлген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-інен аспайтын, яғни әр адамға 15 мың теңгеден аз тиетін отбасы жатады. 

    "Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептей келгенде, олар жәрдемақының үш түрінен қағылады. Мұндай жәрдемақыны алатындарды көбірек қамту үшін ертең үкімет отырысында аталған мәселені кеңірек талқыға саламыз. Сондықтан мұны сол кезде толығырақ айтып беремін", - деді Әлихан Смайылов.

    Сондай-ақ қаржы министрі президенттің халықтың тұрмысын көтеру мақсатында әлеуметтік көмекті күшейтуді тапсырғанын атап өтті.

    "Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржыны әлеуметтік салаға бағыттау жайлы кеше немесе бүгін ғана айтылып жатқан жоқ. Әсіресе, бұл мәселе соңғы жылдары көп көтерілді. Біздің халықтың әлеуметтік көңіл күйіне әсер ететін жағымсыз жайттардың күшеюіне байланысты әлеуметтік қолдау күшейтілді.
    Атап айтқанда, соңғы екі жылда республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар 34%-тен 45%-ке өсті. Алдағы үш жылда аталған көрсеткіш 49%-ке артады. Әлеуметтік салаға басымдық берілгені анық көрініп тұр", - деді қаржы министрі.

    Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы әр балаға берілетін жеке әлеуметтік көмек көлемін кем дегенде 21 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

    Сонымен қатар Елбасы көпбалалы отбасылардың баспанамен қалай қамтылатынын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.