jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Зейнетке шығу жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу жайлы хабарлама рас па

    : UGC

    Әртүрлі хабар таратушы мессенджерлерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төлеу және Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы ақпарат тараған. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарып, хабарламаның жалған екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралуда.

    Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

    Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізілетін болады.

    "Құжаттарды қабылдау процесі ешқандай мерзімдермен шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді.

    Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

    Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын отбасыларға, тиісінше ол 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар, өтініш беруші мен оның бірге тұратын балалары ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда, жаңа жәрдемақыға көшу автоматты түрде ХҚКО-ға өтініш жасамай жүзеге асырылады.

    Осы санаттағы отбасының бесінші және одан да көп балалары туған кезде жәрдемақы мөлшерін өзгерту құқығы сақталады.

    2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың басқа түрлерін тағайындау жоспарланып отырған жоқ", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.   

    Зейнетке шығу жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу жайлы хабарлама рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.