jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда келесі жылдан бастап жәрдемақылар қанша пайызға өседі

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға сәйкес жыл сайын өсіп отырады. 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткіш 5 пайызға индексациялау көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.

    2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 триллион теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 миллиард теңге көзделуде.

    • 2,3 миллионға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7 пайызға және базалық зейнетақы төлемін 5 пайызға, жалпы сомасы 138,3 миллиард теңгеге артады деп жоспарланған.
    • 1,9 миллион алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 миллиард теңгеге, 5 пайызға артады.

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жәрдемақы мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 миллион адам болды.

    Қазақстанда келесі жылдан бастап жәрдемақылар қанша пайызға өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.