jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев зиянды өндіріс орындарындағы жұмысшыларға 55 жастан бастап арнайы төлем төлеуді тапсырды

    Жұмысшы
    Жұмысшы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында зиянды өнеркәсіп орындарында еңбек ететін жұмысшыларға 55 жастан бастап арнайы төлем төлеуді қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Өндірістік жарақат алу мәселесі өте өзекті мәселе болып тұр. Үкімет жыл соңына дейін 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауға тиіс. Ол жұмыс орындарында кәсіптік қауіп-қатерлердің алдын алу және оларды болдырмауға бағытталуы керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент зиянды өнеркәсіп орындарында ұзақ уақыт еңбек ететін тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету механизмін жасап шығаруды тапсырғанын жеткізді.

    "Мәселе бұрыннан бері талқыланып келеді және қазір шешім табылды. Негізгі параметрлері келесідей:

    Салаларды дамытуға қосқан зор үлесі және денсаулыққа тиер кері әсерін ескере отырып, зейнет жасына жетпей, жекелей алғанда 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленетін болады. Парламенттен үкіметтің ұсыныстарын жедел қарастыруды сұраймын. Адамдар осы шешімді күтіп отыр", - дейді мемлекет басшысы.

    Тоқаев зиянды өндіріс орындарындағы жұмысшыларға 55 жастан бастап арнайы төлем төлеуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.