jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 2024 жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа форматы енгізіледі

    Ақша, тиын, ұлғайтқыш, көзілдірік
    Зейнетақы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин келесі жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа процесіне көшу туралы мәлімдеді. Министр құжаттар мен мұрағаттарды цифрландыру туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отырыста министр Бағдат Мусин алдағы уақытта енгізілетін цифрлық инновациялар туралы айтты.

    "Келесі жылы зейнетақы тағайындау процесі өзгеріп, мүлдем жаңа форматта жүзеге асады.

    Сондай-ақ жұмысқа орналасу, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақша кезегіне тұру үшін қажетті 12 түрлі анықтаманы қысқарту жобалары әзірленуде. Мемлекеттік органдар пилоттық жобалардың сапалы және уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек", - деді Мусин.

    Сонымен қатар министр брифинг соңында Қазақстанда зейнетақы тағайындаудың жаңа форматында "қадамдар мен құжаттардың саны" қысқартылатынын жеткізді.

    "Бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан жалғыз құжат – мұрағаттық анықтама мен ескі еңбек кітапшасы. Бұл мәселені шешу үшін біз екі ұсыныс жасадық. Енді тиісті министрліктер шешім шығарады: соңғы кадр бөлімі жауапты бола ма, мәліметтер базасына барлық ақпаратты енгізу үшін немесе адамның бұрын қай жерде жұмыс істегенін білу үшін (Цифрлық даму министрлігі – ред.) Өйткені мұның бәрі зейнетақы төлемдерін есептеуге әсер етеді.

    Ал, екінші ұсынысымыз - мұрағат жүйелерін біріктіру. Мәселен, өтініш беруші 1989 жылы Екібастұзда жұмыс істегенін көрсеткенде, бұл мәліметтер мұрағатқа түсуі керек. Жұмыс берушілер адамдар бұл мәліметтерді тексеріп, бізге қайта жібереді. Яғни, адамдардың артық құжат тасымаса және бір жерде жұмыс істегенін дәлелдеуге көп уақыт жұмсамаса дейміз", - деп түсіндірді министр.

    Қазақстанда 2024 жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа форматы енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.