jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

    БЖЗҚ қызметкері
    БЖЗҚ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2024 жылы 1 қаңтардан бастап салымшылардан бөлек, жұмыс берушілер де міндетті жарнаны төлеуге тиіс болады, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна ақпараты бойынша, келер жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін болады. Бұл алдымен салымшылардың табысын арттыру мақсатында қабылданып жатқан шара.

    Жарна мөлшері айлық жалақыға байланысты және 1975 жылы бірінші қаңтардан кейін туған қызметкерлерге ғана қатысы бар. Жұмыс берушінің жарнасы кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін 5 пайызға өсуге тиіс.

    Яғни бұл көрсеткіш келесі жылы – 1,5 пайызға, 2025 жылы – 2,5 пайызға, 2026 жылы – 3,5 пайызға, 2027 жылы – 4,5 пайызға, 2028 жылы – 5 пайызға жетеді.

    Бұл ретте жұмысшының айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болуы керек әрі 50 есе артық болмауға тиіс. Ал жарнаның қалған 10 пайызы бұрынғыдай жұмысшының айлық жалақысынан ұсталынады.

    Дереккөз: КТК

    Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.