jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы "Бәйтерек" холдингіне салынды

    Теңге
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    ҚР Ұлттық банкі 173 млрд теңгеге "Бәйтерек" холдингінің облигацияларын сатып алды. Ақша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарушы болып саналады. Бұл дегеніміз – түсім алу үшін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына, мысалы, басқа елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялай алады деген сөз.

    Дегенмен, ақша Қазақстанның ішіндегі басқа жобаларға да құйылады. Мәселен, Ұлттық банк нарық шарттарына сай, жылдық 13 пайыз кірістілікпен және 15 жылға есептелген айналым мерзімімен 173 млрд теңгеге "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигацияларын сатып алатынын хабарлады.

    Облигацияларды сатып алуға қажет қаржы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан экономиканың нақты секторындағы ұзақ мерзімді ірі жобаларды қаржыландыру үшін алдағы екі жылда зейнетақы активтерін жоспарланған инвестициялау шеңберінде алынған.

    "Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялардың жалпы көлемі 190 млрд теңге болды. Осы облигацияларды орналастыруға жалпы сомасы 17 млрд теңгеге БЖЗҚ-дан өзге де инвесторлар қатысты", - делінген орталық банк таратқан хабарламада.

    Банк өкілдерінің мәліметінше, облигацияларды сатып алу нақты кірістілік алу бойынша ұзақмерзімді мақсаттарға сәйкес келеді және салымшы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

    Ұлттық банктің хабарламасына сүйенсек, борыштың негізгі сомасын мерзімінен бұрын қайтару көзделген. Мәселен, эмитент 5 жыл өткеннен кейін жыл сайын облигация ұстаушыларға тиесілі облигациялардың бір бөлігін олардың талабы бойынша бастапқы орналастыру көлемінің 10 пайызына дейінгі мөлшерде номиналды құнына сай сатып алуға міндетті.

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы "Бәйтерек" холдингіне салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.