jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Миллионға жуық": Қазақстандағы ең бай зейнеткер бұрынғыдан да көбірек зейнетақы алатын болды

    Зейнетақы
    Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялады. Бұл туралы қордың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері – 34 162 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 945 752 теңге.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде кесте бойынша орташа айлық төлем 30 040 теңге, ал ең жоғары төлем 742 692 теңге болған еді", - делінген БЖЗҚ мәліметінде.

    Зейнетақа қорының мәліметінше, 2024 жылдың бірінші айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 63,4 млрд теңгеден астам соманы төлеген. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 15,5 млрд теңге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖЗҚ) 28,6 млрд теңгеден астам, сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 10,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 4,4 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 2,8 млрд теңге, жерлеуге төленетін төлемдер – 966,9 млн теңге және мүгедектігі бойынша төлемдер – 280,4 млн теңге.

    Бұған дейін Қазақстанда ең бай зейнеткер 742 692 теңге сомасында зейнетақы алатынын жазған едік.

    "Миллионға жуық": Қазақстандағы ең бай зейнеткер бұрынғыдан да көбірек зейнетақы алатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.