jitsu gif
Қаржы

    Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қандай төлемдер жасалады

    Табысты есептеу
    Табысын есептеп отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Су тасқынынан зардап шеккен әр отбасы мемлекеттен 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем түрінде көмек ала алажы. Қаржылай көмек туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Елдегі су тасқынынан мыңдаған адам зардап шекті, ондаған мың адам табиғи апаттан зардап шеккен аумақтардан көшірілді.

    Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қираған үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырған болатын.

    Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Арай Дәулетқызы жөндеуді қажет ететін үйлер әкімдіктердің қаражаты есебінен қалпына келтірілетін мәлімдеген еді.

    Бұл ретте зардап шеккен әр отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 369 200 теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленеді.

    Су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне 100 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді. Егер саяжай жалғыз тұрғын үй болса немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, әкімдіктер баламалы тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастыратын болады

    Өтемақы алу үшін азаматтар жергілікті әкімдіктерге жүгінуі керек, әкімдік өкілдері зардап шеккен тұрғындардың тізімін жасап, келтірілген шығын көлемін есептейді. Ол үшін тұрғындар бүлінген мүліктің тізімі мен құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін ұсынғаны жөн.

    Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қандай төлемдер жасалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.