jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқынынан зардап шеккен үш мыңға жуық отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы берілді

    Қарғын су басқан аумақ
    Петропавлдағы су тасқыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Елімізде ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссиялар су басқан өңірлердегі тұрғындардан 16 343 өтініш қабылданған. Бұл жөнінде үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды.

    Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

    Қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді.

    "Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және үкіметтің қатаң бақылауында. Ел президентінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен барлық азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған.

    Су тасқынынан зардап шеккен үш мыңға жуық отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.