jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Депутат денсаулық сақтау министрлігінің зейнетақы жинағын пайдалану туралы жаңа ұсынысын сынға алды

    Марат Башимов
    Марат Башимов. Фото: facebook.com/marat.bashimov

    Мәжіліс депутаты Марат Башимов Facebook-тегі парақшасында жазба жариялап, денсаулық сақтау министрлігінің емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидасына енгізгелі отырған өзгерісін сынға алды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Депутат денсаулық сақтау министрлігінің зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге пайдалануды уақытша алып тастау туралы ұсынысы халыққа қарсы шешім деп бағалады.

    "Қарапайым халық халыққа қарсы мұндай шешімге таңғалып отыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға рұқсат бергенде бәрі қуанды. Бұл халық үшін маңызды әрі қажет болды.

    Министр бұйрығымен 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін қағиданың 1-қосымшасының 2-тармағын – Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтердің (тістерді протездеу, имплантациялау) қолданылуын тоқтата тұруға ниетті", - деп жазды Марат Башимов.

    Жасыратыны жоқ, тіс емдеу әр азаматтың денсаулығына әсер ететін шамадан тыс қымбат қызметке айналды.

    "БЖЗҚ қаражатын тек науқас балаларды емдеуге пайдалануды ұсынған баламасы күмәнді, өйткені бұл ата-аналардан барлық растайтын диагнозды жинаудың бюрократиялық жолынан өтуді талап етеді, бұл соңында қабылдамауға әкеп соқтырады. Адам мен азамат құқықтарының мүддесіне қайшы келетін бұл бұйрықтың күшін жою қажет", - деді депутат.

    Еске салсақ, елімізде емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидасына өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін жазған едік.

    Депутат денсаулық сақтау министрлігінің зейнетақы жинағын пайдалану туралы жаңа ұсынысын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.